«Харрисон және ұлдары» компаниясы
1991-1993 жылдары шығарған алғашқы қазақ банкноттарының үлгілері «Харрисон мен ұлдары» компаниясында басып жасалған және қазіргі уақытта Лондонның Блумсбери ауданында орналасқан әлемдегі ең ірі музейлердің бірі-Британ музейінде сақтаулы тұр.
Гравюралар мен банкноттарды басып шығаратын «Харрисон және ұлдары» компаниясы бір кездері әлемдегі ең ірі компания саналды. Оның негізін 1750 жылы Томас Харрисон Лондонда қалаған. 1839 жылы Томас Харрисон Джон Уильям Паркермен серіктестік орнатты, 1854 жылы компания «Харрисон және ұлдары» деп аталды. 1920 жылдан бастап компания «Харрисон және ұлдары LTD» деп аталып, 1997 жылға дейін осылай аталды. 1997 жылы аталған компанияны De La Rue фирмасы сатып алды.
«Харрисон және ұлдары» компаниясының баспаханасы, Хейс, Мидлсекс. 1950 жыл.