Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
Квест-ойын | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

Квест-ойын


Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Жастар жылы» аясында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – халықтың қазынасы» атты квест-ойын ұйымдастырылды. Аталмыш бағдарлама қала мектептерінің 5,6,7 сынып оқушыларының деңгейлеріне лайықты дайындалғандықтан оқушылар үшін ақпараттық-танымдық тұрғыда берері мол болды.
Іс-шараның басты мақсаты өскелең ұрпақтың зияткерлік танымын арттыру, оқу бағдарламасын квест-ойын формасында түсіндіру арқылы оқушыларды ашық диалогқа шақыру. Сондай-ақ Қазақстан халқының тілдері мерекесінің маңызын түсіндіре отырып, мемлекеттік тілді меңгеруге оқушылардың қызығушылығын арттыру.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308