Әлеуметтік жаңғыру – халық мүддесі


2019 жылдың 22 қарашасы күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы аясында «Қарқынды дамыған экономика мен әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі – қоғамдық тұрақтылықтың кепілі» атты семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттарын Теміртау қаласы тұрғындары арасында насихаттау, Жолдауда көрсетілген негізгі міндеттердің орындалуына атсалысу.
Семинарға Теміртау қаласы әкімдігі өкілдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, колледждердің оқытушылары мен студенттері, қоғамдық ұйымдардың басшылары шақырылады.
Іс-шарада Қарағанды облысы мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Балтабеков Қ.Ж., кәсіпкерлік басқармасы бөлім басшысы міндетін атқарушы Нүсүпова Ә.С., білім беру басқармасы басшысының орынбасары Кабдиева Г.К. және денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Байкенова Д.Е. баяндамалармен қатысты. Семинар барысында Қарағанды облыстық департаменттер мен басқармалардың Президент Жолдауын іске асыру бойынша жұмыстары туралы ақпараттары талқыланып, Президент Жолдауы туралы бейнебаян көрсетілді.
Іс-шара соңында Мемлекет басшысының Жолдауын насихаттауға қосқан үлестері үшін облыстық мекемелердің өкілдерін Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.