Әлкей Марғұлан мұрасы – ұрпаққа ұлағат


2019 жылдың 22 мамыр күні сағат 15.00-де Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы, этнограф, шығыстанушы, тарихшы, филолог, коғам кайраткеріӘлкей Марғұланның 115 жылдығына арналған «Әлкей Марғұлан мұрасы – ұлттың рухани байлығы» атты іс-шара өткізілді.
Басты мақсат – өскелең жас ұрпаққа ұлы ғалымның еліміздің тарихы мен этнографиясы саласындағы мол мұрасын жеткізіп, оларға рухани тәрбие беру болып табылады.
Іс-шараға Теміртау қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері, қала мектептерінің тарих, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушылары, қалалық колледж студенттері шақырылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаяндар көрсетіліп, Теміртау қаласы №2 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі оқытушысы Диханбаева Фариза Тулебековна мен №21 мектептің тарих пәні мұғалімі Дина Рымбаевна Айдарбекова Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылығы, зерттеулері, ғылыми еңбектері туралы баяндамалар жасады.
Іс-шара соңында белсенді қатысушылар Орталықтың Алғыс хаттарымен марапатталды.