Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
Ұлы дала – әлемдік өркениеттің бесігі | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

Ұлы дала – әлемдік өркениеттің бесігі


26 сәуір 2019 жыл Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының кино-лекциялық залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи мақаласы аясында Теміртау қаласы колледждерінің студенттері арасында «Ұлы дала – әлемдік өркениеттің бесігі» атты байқау ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараның мақсаты колледж студенттерінің Елбасы мақаласы бойынша білімдерін анықтау, мақаладағы идеяларды жастар арасында насихаттау, өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге атсалысу.
Байқауға Теміртау қаласындағы жоғарғы политехникалық, техникалық, кәсіптік техникалық, индустриалды-технологиялық, техника-экономикалық, медициналық колледждері және көпсалалы «Мирас» колледжі командалары қатысты.
Іс-шара барысында Елбасының тарихи мақаласы туралы тартымды бейнебаян көрсетіліп, қаланың белгілі әншілерінің орындауында халық әндері шырқалды.
Байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде команда немесе оның мүшесі Елбасы мақаласындағы тақырыптың мағынасын слайдты баяндама түрінде таныстырды. Екінші кезеңде сол тақырыпты еркін түрде (сахна көрінісі, қолдан салынған сурет, қолөнер туындысы, ән-би т.б.) ашып көрсетті.
Колледждер студенттерінің Елбасы мақаласы бойынша білім дәрежесін Теміртау қаласы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінен құралған мәртебелі Әділқазылар алқасы бағалады.
Байқау нәтижесі бойынша 1-орынды көпсалалы «Мирас» колледжінің «Тұлпар» командасы жеңіп алды, екінші орынды индустриалды-технологиялық колледждің «Жалын» командасы, үшінші орынды техникалық колледждің «Турки» командасы иеленді.
«Ұлы дала – әлемдік өркениеттің бесігі» атты байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оларды білім сайысына дайындаған колледждердің жетекші-оқытушылары Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының Алғыс хаттары, Дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308