Ұлы даланың ұлы режиссері


Ақпанның 13-14 де Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығының қызыл залында қазақтың белгілі режиссері және актері Шәкен Аймановтың 105 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Орталықтың ғылыми-зерттеу және экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің басшысы Д. Б. Кетебаев пен ғылыми қызметкер А. В. Каваев қала оқушылары алдында «ШакенАйманов –Ұлы даланың ұлы режиссері», «Шакен Айманов – Великий режиссер Великой степи» тақырыбында дәрістер оқыды.
Балалар өзінің қысқа ғұмырында театр мен кинода ондаған басты рольдерді сомдап, республикамызда алғашқы кинорежиссері атанған, Қазақстанның мақтанышы саналатын ұлы режиссердің өмірбаянымен танысты. Соңынан Шәкен Аймановтың фильмдері көрсетілді.