Нұр-Сұлтан. Қазақстан Жүрегі Астана күніне арналған фотоқұжаттық көрме
5 шілдеден 5 тамызға дейін
5 шілдеден бастап Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында жыл сайынғы дәстүрлі астана күніне арналған” “Нұр-сұлтан. Қазақстан жүрегі”атты көрме ашылады. Жоба тұжырымдамасына сәйкес экспозиция астаналық өмірдің түрлі аспектілерінің өзекті тақырыптарын қозғайтындай етіп құрылған. Биылғы жылы көрме еліміздің іскерлік өмірі үшін маңызды оқиға болған және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін ерекше атап өткен әйгілі ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесін дайындау мен өткізуге арналады.
Экспозицияның орталық бөлігі-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне дайындық кезеңіне арналған. Елбасының Дүниежүзілік көрме туралы айтқан сөздері: “ЭКСПО ғылым мен бизнес пен қоғамның өнімді және қарқынды өзара іс-қимылына ықпал етті. Елдер мен халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімнің дамуына игі әсер етті, көрме Қазақстанның бай және бірегей мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді”.
Көрме Нұр Әлемнің болашақ энергиясы мұражайының көмегімен дайындалды.