Облыстың музей мамандары біліктіліктерін арттырды
Қарашаның 6 күні Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғимаратында Қарағанды облысының музей мамандарына арналған « XXI ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап» атты кешенді біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Облыстың музей мамандарымен бірге осы шараға Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының бөлім басшысы Үрзада Есмұрзаева да қатысып қайтты.
Курсты Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Kazmuseum. kz» жеке қоры өткізді. Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Сейітова Күміс Қарсақбайқызы, музеолог, «Kazmuseum.kz» қорының жетекшісі Жолбарыс Нұрсерік Жолбарысұлы, музей ісі жөніндегі сарапшы-маман, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ доктаранты Кадримбетова Назгүл Нұржанқызы «Музей ісіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қолдану жолдары», «Экскурсия жұмыстарын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және музей заттарын сақтау», «Музейдегі көрме жұмыстары» және «Музей ісіндегі жаңа трендер» атты тақырыптарда мазмұнды дәрістер жүргізді. Соңынан курсқа қатысушыларға арнайы Сертификаттар табыс етілді.