Ол – Магнитканы тұрғызған..


27 тамыз күні Орталықта еңбек ардагері А.И.Шораев болды. Асқар Ишанұлы еңбек жолын Қазақстанның Магниткасында бастап, Домна цехында жұмыс істеген. Сан жылдар бойы спортпен айналысқан жанның спорт шебері атағы бар. А.И.Шораев 1970 жылдары «Металлург» стадионының, «Жастар» жүзу бассейнінің, велотректің құрылысына белсене қатысқандардың бірі болатын. Қазіргі уақытта Асқар Ишанұлы Орал қаласында тұрады.
Ардагер Орталықтың қорына Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өзін 80 жылдық мерейтойымен құттықтау қағазының көшірмесін өткізді.