Тұңғыш Президент күніне арналған құрама көрме
2018 жылдың 30 қарашасында Тұңғыш Президент күніне арналған құрама көрменің ашылуы өтті. Көрмеге Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,Орталық Қазақстан академиясы қатысты. Көрмеге станокты кескіндеме және графика, сондай-ақ мағыналы және тақырыптық бірліктерде іріктелген сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылды. Келушілер Е. М. Сидоркин, К. Я Баранов, М. А. Қалқабаев, Ж. К. Комутов және т.б. атақты шеберлердің жұмыстарымен таныса алды. Қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, Қазақстанның индустриалды қалыптасуын, еліміздің жас астанасының өркендеуін бейнелейтін картиналар аудиторияның қызығушылығын тудырды.