Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-content/plugins/qtranslate-x/qtranslate_frontend.php on line 497

Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
ҚР Президентінің көлік паркінен жеткізілген қызметтік көлігінің тұсаукесері өтті | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

ҚР Президентінің көлік паркінен жеткізілген қызметтік көлігінің тұсаукесері өтті


Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында 2018 жылдың 14 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қызметтік машиналар паркінен “Мерседес Бенц S600L” автокөлігінің негізгі қорын толықтырған жаңа экспонаттың тұсаукесері өткізіледі. Бұл Елбасының жұмыс сапарын жасаған алғашқы автокөліктердің бірі. Тұсаукесер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған.
Тұсаукесерге Теміртау қаласының әкімі Ғ.Ә. Әшімов, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.М. Ағымбаев, Президенттің үзеңгілестері, еңбек ардагерлері, қаламыздың ТЖ қызметкерлері қатысады.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында, 30 қарашада орталықта осындай тұсаукесер өткізілді. Қарағанды облысының жұртшылығына Президент Іс басқармасы берген негізгі қордың жаңа түсімдері ұсынылды, оның ішінде Н.Ә. Назарбаевтың жеке заттары, ресми тұлғалардан сыйлықтар -В. В. Путиннің Ресей ауыл шаруашылығының 12 томдық антикварлық энциклопедиясы, ҚХР Төрағасы Си Цзинпиннің кәдесыйлары, И.Н. Тасмағамбетовтің атынан ҚР Конституциясының сыйлық басылымы, олимпиада чемпионы А.Н. Винокуровтың велосипеді және басқа да бірқатар кәдесыйлар бар.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308