Тұңғыш Президент жолымен
12 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тұңғыш Президент жолымен «халық экспедициясы» жобасы аясында тарихи-мәдени орталыққа Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, мәжілісмендер, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының серіктестері, Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов, аймақ әкімшілігінің өкілдері келді. Делегация мүшелері үшін Орталықтың экспозициялық залдары бойынша экскурсия өткізілді. Ж. Түймебаев тарихи-мәдени орталықтың қызметкерлеріне қызықты ақпарат бергені үшін алғысын білдіріп, орталық басшысы С. Саргизоваға естелік кітабын сыйға тартты.
Халық экспедициясының салтанатты ашылу рәсімі 7 ақпанда Елбасының отаны – Шамалған ауылында өтті. Жоба Н.Ә.Назарбаевтың 80 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған. Халық экспедициясының жолы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолының басты кезеңдерімен тұспа-тұс келеді. «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясының күнделігі және жалауы Қазақстан облыстарының өкілдеріне жіберіледі.