Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
Тұңғыш Президент жолымен | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

Тұңғыш Президент жолымен

               

              12 наурызда  Қазақстан халқы Ассамблеясының “Тұңғыш Президент жолымен  “халық экспедициясы” жобасы аясында тарихи-мәдени орталыққа Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, мәжілісмендер, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының серіктестері, Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов,  аймақ әкімшілігінің өкілдері келді. Делегация мүшелері үшін Орталықтың экспозициялық залдары бойынша экскурсия өткізілді. Ж. Түймебаев тарихи-мәдени орталықтың қызметкерлеріне қызықты ақпарат  бергені үшін алғысын білдіріп, орталық басшысы С. Саргизоваға естелік кітабын сыйға тартты.

Халық экспедициясының салтанатты ашылу  рәсімі 7 ақпанда Елбасының отаны – Шамалған ауылында өтті. Жоба  Н.Ә.Назарбаевтың 80 жылдығына және  Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған. Халық экспедициясының жолы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолының басты кезеңдерімен тұспа-тұс келеді. “Тұңғыш Президент жолымен”  халық экспедициясының күнделігі  және  жалауы  Қазақстан облыстарының өкілдеріне  жіберіледі.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308