ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАН ЖЕР ҚОЙНАУЫНЫҢ ҚАЗЫНАЛАРЫ» КӨРМЕСІ

6-шы қазан күні «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында» Теміртау қаласының күніне арналған «Қазақстан қойнауының қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге келушілерге Қарағанды геологиялық мұражайының коллекциясындағы диоптаз, пирит, агат, кальцит, морион, арагонит сияқты геологиялық жыныстардың үлгілері, сондай-ақ, Қазақстан мен Қарағанды облысының минералогиясы туралы баяндайтын фотосуреттер ұсынылды. Қарағанды геологиялық мұражайының меңгерушісі Г. В. Казанцева көрермендер үшін қызықты экскурсия өткізіп, тау-кен минералдардың химиялық қасиеттері және оларды қолданудың әртүрлі аспектілері туралы әңгімеледі. «Қазақстан қойнауының қазыналары»  көрмесі «Орталыққазжерқойнауы» ӨД РММ қолдауымен дайындалды.