Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
ТІЛДЕР ӘЛЕМІ Қазақстан халқының тілдер күніне арналған көрме | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

ТІЛДЕР ӘЛЕМІ Қазақстан халқының тілдер күніне арналған көрме


Әрбір тілдің өзінің тарихы, басқа тілдермен байланысқан өзінің тағдыры бар. Адамдар тілдің көмегімен басқа халықтардың рухани мәдениетін, әдет-ғұрпын түсінеді. Қазақстанда әр жылы атап өтілетін «Қазақстан халқы тілдер күні» мерекесі 1989 жылы қабылданған Қазақ КСР-ның «Тіл туралы» заңына орайластырылған болатын. Бұл құжат әлі өз тәуелсіздігіне қолы жетпей тұрған Қазақстанның ана тілінің маңыздылығын жария еткен тұңғыш құжат еді.
Тіл мен мәдениет бірлігі – бұл тәуелсіз республиканың тұтастығы, болашағын құратын құратын күші еді. Еліміздің тіл саясаты және іске асыру әрбіріміздің жалпы мәдениеті мен халықтар достығына байланысты.
Тіл –халқымыздың амандығы, ол ұлттың бірігуіне және нығаюына әсер етеді. Тілдер күні – еліміздің барлық азаматтарының достығы, туысқандығы және бірлігінің белгісі. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – жаңа Қазақстанды құрудың басты тірегі. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз ана тілін қолдануға, қарым-қатынас тілін еркін таңдауына құқығы бар.
Басында Қазақстан халқының тілдер күні қыркүйек айының үшінші жексенбісінде тойланып келді. Алайда 2019 жылы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың қаулысымен Тілдер күні 5 қыркүйекке көшірілді. Дәл осы күні қазақтың көрнекті ғалымы, лингвист Ахмет Байтұрсынов туған болатын.
Қазақстан халқының тілдер күніне арналған «Тілдер әлемі» көрмесіне қазақ жазушылары мен ақындарының, белгілі ағартушылардың портреттері қойылған. Көрме XIX және XX ғасырдағы сирек кездесетін, ескі басылымдармен толықтырылған.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308