ZOOM: Туған өлке сырлары


Мамырдың 21 күні «Туған өлке сырлары» жобасы аясындағы Өлкетану бойынша Қарағанды облысы мұғалімдерінің форумы онлайн режимде өтті. Форум облыс мектептерінің тарих және георафия пәнінің мұғалімдері арасында қазақ және орыс тілдерінде 4 алаңда ұйымдастырылды.
Облыстық форумға Теміртау қаласының мектептерінің география және тарих пәнінің мұғалімдері де қатысты.Теміртау қалалық білім беру бөлімі ұйымдастырған «Өз өлкеңді тану-рухани жаңғырудың даңғылы» атты форумда Теміртау қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Нұргүл Игілікова «Өлкетану» бағытындағы жұмыстың білім беру ұйымдарында ұйымдастырылуы» деген тақырыпта қысқаша баяндама жасады. Мұнан әрі Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының ғылыми-зерттеу және экспозициялық-көрме бөлімінің басшысы Ү.Есмұрзаева «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы- өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелетін орын» деген тақырыпта Орталық аясында өткізілетін іс-шаралар жайлы әңгімеледі. Мұнда Орталықтың қалалық білім беру бөлімімен тығыз байланысты жұмыс жасауы, оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелейтін, өз өлкесінің тарихымен, киелі орындарымен таныстыратын тағлымы мол іс-шаралар туралы кеңінен айтылды. Модератор Қарағанды облысы бойынша білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Г.А. Төлеубаева Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі игі бастамаларына сәттілік тілеп, алдағы уақыттары да Теміртау қаласы мен облыс мектептерімен тығыз байланыстағы жұмыстарының жандана беретіне сенімін білдірді. Форумның пікірсайыс алаңында облыс мұғалімдерімен Теміртау қаласының «Ә.Бөкейхан атындағы гимназиясы»,4-ші ,9-шы және Ғ Мұстафин атындағы мектептерінің тарих және география пәнінің мұғалімдері өз іс-тәжірбиелерімен бөлісті. Облыстың мұғалімдері Ә Бөкейхан атындағы гимназияның «Ұлы дала ұландары» туристік клубының , 9 мектеп ұстаздарының өлкетану бойынша кіріккен сабақтары секілді көптеген жұмыстарына ерекше қызығушылық танытты. Қарағанды облысы бойынша білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Г.А. Төлеубаева Теміртау қалалық білім беру бөліміне теміртаулық мұғалімдердің іс-тәжірбиесін ортаға салуын жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Айта кету қажет, сәуірдің 23 күні Теміртау қалалық білім беру бөлімі Өлкетану бойынша қала мұғалімдерінің форумын өткізген болатын. Бұл жолы облыс мұғалімдерімен өз іс-тәжірбиесімен ой бөлісті.