Бұқар жыраудың туғанына – 350 жыл


2018 жыл 30 мамыр күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында қазақ халқының атақты ақыны, белгілі жырау Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты: Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығын насихаттап, өскелең ұрпаққа таныстыру, жастарды жыраудың шығармашылығы үлгісінде адамгершілік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс-шара қатысушылары: Елбасының қызметтестері, еңбек ардагерлері, тарихшылар, Қарағанды облысы музейлерінің қызметкерлері, жоғарғы, арнайы орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, орта мектептердің қазақ тілі және тарих пәні мұғалімдері мен оқушылары.
Конференция барысында Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаяндар көрсетілді. Іс-шара бағдарламасында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің кафедра меңгерушісі Нұрзия Әбдікәрімқызы, Бұқар жырау ауданы Новоузенка орта мектебінің ғылыми істер бойынша директор орынбасары Садықов Саят Ибрагимұлы, Теміртау қаласы №8 мектептің мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Әлібекқызы, бұқартанушы, жыршы, ақын-сазгер Шыныбектегі Қалиасқар Мықтыбайұлы, бұқартанушы, жыршы Хамитов Жасұланның Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі мен жыраулық мұрасы туралы баяндамалар оқыды.