1 наурыз –Алғыс айту күніне орай өткен іс-шара бойынша

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында 1 наурыз Алғыс айту күніне орай қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты алғыс айту күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен жарияланғанын және алғыс кімге, не үшін айтылатынын айқындау мақсатын көздеді. Қайырымдылық акциясына 15 Теміртау қаласының мүгедектер бірлестігі өкілдері мен №2 Облыстық мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға арналған мектеп-интернаттың 20 оқушылары мен тәрбиелеушілері қатысты.

Орталықтың фойесінде аталмыш мекеме қатысушыларының қол өнер көрмесі ұйымдастырылды. Мерекеге «Щедевр» би ансамблі тамаша билерімен сый тартса, «Непоседа» мерекелік агенттігінің қуыршақ кейіпкерлері 20 минуттай өнер көрсетіп, қатысушылармен ойындар ойнап, көңілдерін көтерді. Мереке соңында Орталық басшысы С.Ж.Саргизова жиынға қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттап, «Фирма Пласт» қоғамдық бірлестігі жетекшісі Стрельцов О.А. қатысушыларға тәтті сыйлықтар сыйлады. Мереке соңында «Ашық микрофон» акциясы жарияланып, бір-біріне ризашылығын білдіріп, жұртқа ықылас пен мейірімділікке толы көңіл-күй сыйлады.Туған елімізге, Президентімізге балалардың игілігі мен жан-жақты даму үшін жасап жатқан істеріне де ризашылық білдіріп, таратылған түрлі шарларға алғыстарын жазып, Орталық қызметкерлерімен бірге алаңға шығып қолдарындағы шарларын ұшырды.