Қарағанды облысында «Elbasy joly» деп аталатын жаңа туристік маршрут ашылды.
Енді Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына келетін қонақтар кенді өлкеге барып, Нұрсұлтан Назарбаев оқыған және еңбек еткен нысандарды тамашалай алады. Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен құрылған жаңа бағдарды бірінші болып, туристтік агенттік өкілдері байқап көрді.
«Елбасы жол» деп аталатын жаңа туристік маршрут 27.06.2018 жылы Теміртаудағы тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығынан басталды. Ғибраты мол бұл ғимарат 6 залдан тұрады, мұнда 3 мыңнан астам жәдігер бар. Орталықта Елбасының студенттік кезеңінен және еңбек жолын бастаған құрыштай қайратты шағынан сыр шертетін құнды деректер қойылған.