Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-content/plugins/qtranslate-x/qtranslate_frontend.php on line 497

Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
«Ғарышқа барар жол» атты шығармашылық көрме ашылды | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

«Ғарышқа барар жол» атты шығармашылық көрме ашылды

Сәуірдің 12-не «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында» бүкіләлемдік ғарышкерлер күніне арналған «Ғарышқа барар жол» атты тақырыптық көрме ашылды.
Көрменің ашылу салтанатына Ғ.Жұбанова атындағы өнер мектебінің,9 мектеп лицейі мен «Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Колорит» бейнелеу студиясының оқушылары қатысты. «Ғарышқа барар жол» көрмесіне көркемсурет бағытындағы түрлі шығармалар- кескіндеме, графика, батик, мүсін,коллаж сонымен бірге 9 мектеп-лицейінің оқушылары әзірлеген көркемсурет туындылары,роботтар мүсіндері қойылды.Жалпы жаңа кқрмеде көрермендері назарына талантты балалар қолынан шыққан 65-ке тарта түрлі туындылар ұсынылған.
Көрмедегі түрлі шығармаларды ортақ бір тақырып біріктірген. Ол ғарыш кеңістігі, адамзаттың ғарышқа алғаш ұшуы,1960 жылы тамыз айында бір тәулік бойы адамдардың төрт аяқты достары Белка, Стрелка есімді иттердің космоста бірге болғандығы, сондай-ақ ғылыми-технологиялық прогресс мәселесі балалар шығармаларының арқауына айналған.
Талантты балалар қолдарынан шыққан туындылары ғарыш пен ғарыш кеңістігі жайлы ерекше қиялдарға жетелейді. Жас суретшілер мен конструкторлардың шығармашылық шеберліктері балаларды ғана емес ересектерді де тәнті етті.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308