Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-content/plugins/qtranslate-x/qtranslate_frontend.php on line 497

Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
«Ата заңым-айбыным» | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

«Ата заңым-айбыным»

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында осындай тақырыпта Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік

іс-шара өтті. Ата заңымызды ұлықтауға арналған тағлымы мол шараға Теміртау қаласының құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қаламыздың ардагерлері мен  5516 әскери бөлімнің сарбаздары қатысты.

Орталық шаңырағында өткізілдген тағлымды шараға жиналғандар Ұлы дала елінің негізгі заңының іргетасын қалаған  қазақ хандары мен билерінің рөлі жайлы, Қазақстанда құқықтық, демократиялық мемлекет құрудағы Конституцияның маңызы мен  Ата заңымыздың қабылдану тарихы, оған  енгізілген өзгерістер жайын әңгіме арқауына айналдырды. Әнұранмен ашылған іс-шарада тәуелсіз еліміздің Ата заңының тарихын баяндайтын бейнебаяндар көрсетілді. Жиналғандар алдында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының басшысы Саида Саргизова,  ардагер-металлургтер Илияс Баймұрзаев, Айтжан Исақовтар мен Теміртау қалалық сотының кеңсе басшысы Саин Нұрсұлтандар  құттықтау сөз сөйлеп, атаулы күннің маңызына тоқталды. Мұнан әрі 5516 әскери бөлім сарбаздары патриоттық әндер орындады.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308