Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
«Спорт-тәрбие негізі» | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

«Спорт-тәрбие негізі»

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы Спорт күні мен Жастар күніне арналған  қол күресі мен дойбыдан спорттық сайыс өткізді.

Спорт-денсаулық кепілі десек, оның тәрбиелік те мәні зор. Жастарды спортқа тарту арқылы заман қасіреті саналатын есірткі мен ішімдіктен,басқа да жат әдеттерден аулақ болуға тәрбиелей аламыз. Сондықтан да мемлекетіміз  жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөледі.  Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы да  жастарды  спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтына шақыру мақсатымен түрлі спорттық жарыстар мен сайыстар жиі өткізіп отырады. Міне, тамыздың 18 күні Орталықтың аясында өткізілген спорттық жарыста осы мақсатты көздеді. Балалардың жазғы демалысын көңілді өткізуіне, оларды спортпен шұғылдануына шақыру мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  қол күресі мен дойбыдан жарыс ұйымдастырылды.

Спорттық сайысқа Теміртау қаласының №2 орта мектептің оқушылары қатысты. Тағлымды шараны  Орталықтың басшысы Саида Жамантайқызы Саргизова ашты. Шараның құрметті қонағы ауыр атлетикадан спорт шебері, кәсіби пауэрлифтингтен  әлем және  республиканың бірнеше дүркін чемпионы,  ардагер-металлург Исақов Айтжан   жастарға спортпен шұғылдану арқылы көптеген жеңістерге жетуге болатыны жайлы ақыл-кеңесін айтты. Мұнан әрі жастар екі командаға бөлініп, қол күресі мен дойбыдан сайысқа түсті. Соңынан жеңімпаздары анықталып, оларға  естелік сыйлықтары табыс етілді. Экскурсия жүргізілді.

Теміртаулық спортшылар талай жарыстарда елімізді әлем жұртшылығына танытып келеді. Сондықтан да бүгінде Теміртау  майталман спортшылар әзірлейтін нағыз шеберхана десек артық айтпаймыз. Жалпы қаламызда  спортты насихаттай отырып, балаларды салауатты өмір салтына, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеуге мән береді.  Міне Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында өткізілген «Спорт-тәрбие негізі» атты  шараның басты мақсаты да осы болды.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308