«Қазақстан тарихы» барельефі

Авторы: Ерлан Жұбанышев, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі

 

Залдың ортасында ел дамуының тарихи бағытын бейнелейтін «Қазақстан тарихы» барельефі орналасқан. Ол тарихты иірілім ретінде көрсеткен және иіріммен көтеріліп бара жатып,  әрбір ерекше дәуірді көре аламыз.  Тас дәуірі мен ежелгі адамдардың жартастағы алғашқы суреттерінен басталып, азаттық сүйгіш сақтарға,  одан әрі қазақ мемлекеттілігі үшін күрес дәуіріне, алашордалықтарға, одан әрі Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандықтарға  және 1986 жылы желтоқсанда әділдік үшін күрескен жастарды көрсетеді. Көркем композицияның орталық көрінісі ретінде қазақ халқының одан әрі даму мен өркендеу тілегін білдіретін «Қазақ елі» мүсіндік ансамблінің фрагменті орналасқан.

Дүниежүзілік тарих тұрғысынан тәуелсіздігіміздің қалыптасу кезеңі аз ғана сәт болса да, жас тәуелсіз мемлекет үшін бұл  кәмелеттік жасқа толу уақыты деп санауға болады. Бұл Қазақстан үшін өзінің мемлекеттік жобасының – бүгіні мен ертеңінің болашағы зор, бәсекеге қабілетті және қуатты мемлекет құрудың алғашқы нәтижелерін қорытындылайтын кезең.