Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
Қазақ қыранының қайталанбас қаһармандығы | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

Қазақ қыранының қайталанбас қаһармандығы


2019жылдың 4 мамыры күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесіне және Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Нұркен Әбдіровтің туғанына 100 жылдығына арналған «Қазақ қыранының қайталанбас қаһармандығы» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Теміртау қалалық ардагерлер Кеңесінің, қалалық ақсақалдар алқасының мүшелері, Теміртау қаласы бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысы, ауған соғысының ардагерлері мен 5516 әскери бөлімшенің сарбаздары мен қала мектептерінің алғашқы әскери даярлық пәнінін мұғалімдері мен кадет сыныптарының оқушылар қатысты.
Шара Отанын жаудан қорғау жолында құрбан болған боздақтарды бір минут еске алумен ашылды. Қала мектептерінің кадет сыныптарының оқушылары Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Нұркен Әбдіровтің өмірі мен ерлігі жайлы бейнебаянды қызыға тамашалады.
Өкінішке орай, жылдар өткен сайын қырқыншы жылдардың қырғынын бастан өткерген ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Жастар мерекелік шараның құрметті қонағы, соғыс ардагері Авий Жәкенің жауынгерлік жорығы жайлы естелігін де қызыға тыңдады. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының әкімшілігі соғыс ардагеріне мерекелік сый-сияпаттарын табыс етті.
Орталықпен көп жылдардан бері тығыз байланыста жұмыс жасап келе жатқан 5516 әскери бөлімінің атынан взвод командирі, лейтенант М.Н. Дүйсенәлі жиналғандарды мерекемен құттықтап, қатардағы сарбаз Н.Шахадатов мерекелік ән тартуын жасады.
Мұнан әрі орталықтың ғылыми-зерттеу және көрмемен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Д.Б.Кетебаев іс-шараның белсенді қатысушыларына Алғыс хаттарын табыс етті.
Жас ұрпақтың Ұлы Отан соғысы жылдары ата-бабаларымыздың ерен ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, олардан үлгі алып, өз еліне деген сүйіспеншілін арттыру мақсатында өткізілген шара соңы естелік суретке түсумен жалғасты.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308