Б. Момышұлы атындағы облыстық турнир жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті

2022 жылдың 17 қыркүйегінде ТПТМО-да ауыр атлетикадан Б. Момышұлы атындағы облыстық турнир жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Турнирдің құрметті қонағы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, бірнеше дүркін әлем және Азия ойындарының чемпионы, 4 әлемдік рекордтардың иегері, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Александрович Ильин болды .Орталықтың қорына Илья Ильин өзінің жеке заты – спорттық трикосын тапсырды, онда ол өз қолтаңбасын қалдырды. Сондай-ақ ол құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.