Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
"Күміс дәстүрлер" | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

“Күміс дәстүрлер”


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308

Күміс дәстүрлер”

Қазақтың ұлттық әшекейлері

Шебер-зергерлер жасап шығарған қазақтың әйел зергерлік әшекейлері бір кездері үлкен сұранысқа ие болған, ол тек сұлулығымен ғана емес, сонымен қатар халық әдет-ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен, діни ұғымдарымен байланысты символикалық маңыздылығымен де анықталған.

Барлық  зергерлік бұйымдар өрнектермен безендірілген. Көптеген ою-өрнектер мен формаларда ежелгі діндердің, сиқырлы жоралғылардың, тотемизмнің және табиғат табынуының әртүрлі жәдігерлері бейнеленген. Зергерлік әшекейлерде стильдендірілген мүйіздердің немесе қошқардың басының бейнесі жиі кездеседі. Зергерлік бұйымдардың танымал үлгілері күн бейнесін бейнелейтін спиральдар, иіргіштер, кресттер, гүл розеткалары, сондай-ақ ай түріндегі “ай”, “айшық” өрнектері болды.

“Қошқар мүйіз”,”ашатұяқ”,”түйетабан”,”құсқанат” сияқты мотивтер скиф пен сақ заманының тереңіне кетеді. Одан да ежелгі күн және геометриялық мотивтер. Түрлі үшбұрыштарда – “тұмарша”, зигзагтарда – “иірек”, қосымша өсінділері бар тік бұрышты фигураларда – “тарақ”,” құйынды розетка ” – “айшық” түріндегі солярлық өрнектерде үш мың жыл бұрынғы малшылардың алғашқы өнерінің іздері байқалады”.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308