«Батамен ел көгерер…» атты байқау өтті


Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында «Батамен ел көгерер…» атты байқау ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты- қала тұрғындары арасында қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін түсіндіру және насихаттау болып табылады.
Байқауға Теміртау қалалық әкімдігінің, қалалық білім беру бөлімінің, шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Іс-шараның барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы бейнеролик көрсетілді. Мұнан кейін байқау үш кезеңде өткізілді. Бірінші кезең –Тәуелсіз Қазақстан тақырыбына арналған бата беру(бата). Екінші кезеңде қатысушылар жас жұбайларға өз баталарын берді. Үшінші кезең – еркін тақырып.
Қатысушылардың сөз сөйлеу мәнерін ақындар, қалалық мәдениет және білім бөлімдерінің өкілдері кіретін білікті қазылар алқасы бағалады.
Іс-шара соңында қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау бойынша сайысқа белсенді қатысқандарға Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табыс етіледі. Іс-шара 100-ге тарта адам қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ордабаев Бірлікбай Кемалұлы, жүлделі орындарды Абдрахман Серікбайұлы, Бақтыбаев Бұхарбай және Кожахметов Жорабек ақсақалдар жеңіп алды.
Демеушілер – Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы және ОО «Халықтар бірлігі және ұрпақтар сабақтастығы». Іс-шараға 100-ге тарта адам қатысты.