Бейбітшілік. Еңбек. Мамыр

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында 2017 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан халқы бірлігі күніне орайластырылып Дәулет Абдрахмановтың «Бейбітшілік. Еңбек. Мамыр» атты ашық авторлық фотожобасының салтанатты ашылуы өтті. Фотожобаға балалар қатысты. Әрбір баланың «өскенде кім боламын»деп армандайтыны белгілі. Фотожобаға қатысушылар осы балаң армандарына қадам жасап, оны фото арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік алды. «Бейбітшілік. Еңбек. Мамыр» фотожобасының жас қатысушыларына атаулы алғыс хаттар табыс етілді.