«Астана балет» театры Президент орталығында

2019 жылдың 25 ақпаны күні Қарағанды қаласында шығармашылық гастрольде болған   «АСТАНА БАЛЕТ» театры ұжымы Теміртау төріндегі Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдни орталығында болды. Өнер ұжымы қазақ мемлекетінің негізін қалаған тарихи тұлға жайлы мол мағұлматпен танысып, Елбасының өнегелі өмір жолына үңілді. Орталықтың экскурсия залдарындағы теңдесі жоқ  жәдігерлер өнер жолында жүрген жастарға ұмытылмастай  әсер қалдырды.  Олар Қазақстандағы  бірегей мәдениет ошағы жайлы жүрекжарды пікірлерін Орталықтың Пікірлер кітабына жазып қалдырды.