Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі туралы семинар

Үстіміздегі жылдың 12 наурызында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тұнғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында жиналыс өткізілді.

Қоғамда тұтастық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жүйесін қалыптастыру жұмысын жүйелендіру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін нығайту мақсатында өткізілген шараға орталықтын 33 қызметкер қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі туралы кадрлар жөніндегі  маман  Д.Ж. Ахметова сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.

Сондай- ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және оған қарсы тұру, әдеп нормаларын сақтауы мәселелері туралы да сөз қозғалды.

Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайдағы мемлекеттік қызметшінің әрекеті және т.б. туралы арнайы буклет дайындалды.

Кездесу барысында қызметкерлер диалогқа белсенді қатысты. Қойылған барлық сұрақтарға түсіндірме жауаптар берілді.

Әрбір азамат жасына, біліміне, қызмет саласына қарамастан адалдық, инабаттылық, сатқындықтан сақ болуды ұстанатын болса, сонда ғана біз шын мәнінде таза қоғамға – жемқорлықсыз қоғамға келе аламыз.