Азалы тарихқа айрықша тағзым


Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын Еске алу күніне арналған «Азалы тарихқа айрықша тағзым» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты қазақ халқының басынан кешірген қасіретін есте сақтау, өскелең ұрпақтың тарихи санасын жаңғырту болып табылады.
Іс-шараға қаланың Ақсақалдар алқасының, «Халық бірлігі, дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығы үшін», «Халықтар достығы» қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері, қала колледждерінің оқытушылары мен студенттері, ҚР ІІМ-нің Теміртау қаласындағы Оқу орталығының тыңдаушылары қатысты.
Іс-шара барысында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкері Андрей Валентинович Каваев «Елбасының саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша бастамалары» тақырыбында, Орталықтың ғылыми қызметкері Қуатбек Аймбетович Мамбетов «Халық қасіретін есте сақтау – перзенттік борышымыз: апаттың себебі мен көлемі» тақырыбында баяндамалар жасады. 1930-1932 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық тарихына арналған «Бір уыс бидай» фильмі және саяси қуғын-сүргін туралы бейнебаян көрсетілді.
Аға буын өкілдері жастармен ұлтымыздың басынан өткен зұлмат туралы естеліктерімен бөлісті.