Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
«Жақсылық жолымен» атты балаларды қорғау күніне арналған көрме | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

«Жақсылық жолымен» атты балаларды қорғау күніне арналған көрме


Мамырдың 28-нен Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында” Жақсылық жолымен “атты «Әлем» БЖО “Колорит” бейнелеу студиясының көрмесі ашылды.
Көрмеге “Бақытты балалық шақ”, “Менің бақытты отбасым» деген тақырыптар бойынша балалар суреттері қойылды. Экспозиция Балаларды қорғау күнінің пайда болуы жайлы тақырыптық видеолар мен айтулы күннің түрлі елдерде қалай тойланатыны туралы фильмдермен толықтырылды.
Мұндай мерекені алғаш рет 1925 жылы Сан-Франциско қаласында Қытай консулы ұйымдастырды деп есептеу қабылданған. Ол ата-анасы болмаған қытай балаларын Дуань-у-цзе мерекесіне шақырды. Олар айдаһардың қайықтарын (бұл оларға мерекеге арналған) тамашалап, сыйлықтар алып, бақытты болды. Бұл оқиға ма, әлде басқаша ма тарихта айтылмаған. Дегенмен 1 маусым-Халықаралық балалар күні деп жариялауға негіз болды. 1925 жылы Женевада балалардың әл-ауқаты мәселелері бойынша Дүниежүзілік конференцияда мереке туралы айтылды.
Кейін тек Еуропа ғана емес, бүкіл әлем тарихында осы күнді атап өтуге соғыс жылдары кедергі болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1949 жылы көптеген әлеуметтік мәселелерді көтерген Халықаралық демократиялық әйелдер Федерациясы ұйымдастырылып,ол Парижде өтті. Осы жерде соғысқа дейінгі жақсы бастама — балалар мерекесі туралы еске алды. 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні (ағылшын тілінде-“International Сhildren’ sDay”) бүкіл әлемде өткізіле бастады.
Көрме 5 маусымға дейін жалғасады.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308