ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ СЕССИЯСЫ
25 ақпан күні Орталықтың ғылыми қызметкері А. В. Каваев ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасында өткен «Қазақстандық музей: жаһандану және ақпараттандыру дәуіріндегі идеялар мен шындықтар» атты кәсіби сессияға қатысты. Сессия 52 ұйымның атынан 120-дан астам адамды біріктірді. Кездесу «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі мен методологиясы мәселелеріне және Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына арналды. Іс-шара «Open Space» форматында өтті, оның арқасында қатысушылар музей саласындағы инновациялық технологиялармен танысып қана қоймай, ғылыми-қор жұмысында ақпараттық ресурстарды қолдана отырып, даулы мәселелерді талқылап, кәсіби пікір алмасты.