Елбасының «5 институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын насихаттау бойынша дәстүрлі Назарбаев оқулары аясындағы «Ұлт бірлігі мен қазақстандық біртектілікті нығайту – Президент реформаларының табысты орындалуының кепілі» атты Келелі Кеңес
2016 жыл 28 қазан күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында
дәстүрлі Назарбаев оқулары аясында «Ұлт бірлігі мен қазақстандық
біртектілікті нығайту – Президент реформаларының табысты
орындалуының кепілі» тақырыбында Келелі Кеңес ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Елдің өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын
жақсартуға бағытталған Елбасының «5 институционалды реформаларды
жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары және Мемлекет
басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты
мақаласын қала тұрғындары ортасында насихаттау, оларды Президент
реформаларын орындауға жұмылдыру.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қарағанды Мемлекеттік
университеті, Теміртау қаласы Қоғамдық Кеңесінің өкілдері, Теміртау
қаласы «Халықтар достығы» қоғамдық бірлестігі мен этно-мәдени
орталықтардың басшылары, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер
Министрлігінің Теміртау қаласындағы Оқу орталығының тыңдаушылары,
колледждердің директор орынбасарлары мен студенттері қатысты.
Іс-шара барысында Мемлекет Басшысының «5 институционалды
реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары
туралы бейнебаян көрсетілді. Содан кейін Келелі Кеңестің күн тәртібіндегі
мәселесі бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, «Құрмет»
орденінің иегері Касапиди Деспина Ивановна, Теміртау қаласы «Халықтар
достығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ілияс Баймырзаұлы, Қарағанды
Мемлекеттік университеті Қазақстан тарихи және Қазақстан халқы
Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты
Жұмабеков Жамбыл Әзмұханұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер
Министрлігінің Теміртау қаласындағы Оқу орталығының тыңдаушысы
Шубаева Жібек Талғатқызы, Елбасының қызметтесі «Құрмет», «Парасат»
ордендерінің иегері Қуаныш Омашұлы Омашев және Тұңғыш Президенттің
тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкері Оразымбетов Құрманшәді
Ынтықбайұлы баяндамалар жасады.
Одан кейін іс-шараға қатысушылары баяндамашыларға өздерін
қызықтырған сауалдарды беріп, күн тәртібіндегі мәселе бойынша
пікірлерімен бөлісті. Іс-шара соңында Елбасының Ұлт жоспарын
насихаттауға өз үлесін қосып, Келелі Кеңеске белсене қатысқандарға Тұңғыш
Президенттің тарихи-мәдени орталығының Алғыс хаттары тапсырылды