“ӘЛЕМ БАЛАЛАР КӨЗІМЕН” Мүсін және сәндік-қолданбалы өнер көрмесі
2019 жылы 1 ақпанда Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Әлем балалар көзімен» атты мүсін және сәндік-қолданбалы өнер көрмесі өткізілді. Бұл көрмеге Ғ.Жұбанова атындағы балалар өнер мектебі оқушыларының жұмыстары ұсынылды. Көрме Жастар жылына орай ұйымдастырылғандықтан қатысушылардың жас шамалары да 11-16 жас аралығында болды.
Экспозицияны дөңгелек мүсін, барельефтер, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер, флористика, торцевания, қағаз бен бисерден жасалған мозаика сияқты әртүрлі эксперименталдық техникаларда орындалған жұмыстар құрайды.
Мүсін композицияларының кейіпкерлері негізінен ертегілер, мультфильмдер мен аңыздардан алынған. Сондай-ақ, көрмеге келушілер жұмыстар арасынан жануарлар, құстар мен су асты әлемінің мекендеушілерін де тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Көрменің ашылу салтанатында келушілердің назарына мүсін және мозаика туралы бейнефильмдер, сәндік-қолданбалы өнер туралы баяндама ұсынылды. Салтанатты шара соңында Алғыс хаттар тапсырылды.
“Әлем-балалар көзімен” көрмесі 2019 жылдың 2 наурызына дейін жалғасады.