Музейдегі түн
18 мамырында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының келушілеріне арналып « Тәуелсіз Қазақстан- деректер, оқиғалар, өзгерістер» атты блиц-викторина өткізілді. Орталық қызметкерлері Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейінгі өткен маңызды оқиғаларымен, ерекше мәні бар күндерімен қызықты ойын түрінде таныстырды. Викторина жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталды.