«Бізге өмір берген мұз жолдары»

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында 2017 жылдың 16 мамырында нағыз шығармашылық кемеліне келген шағында сталиндік қуғын -сүргіннің құрбаны болған, қазақ топырағының перзенті, 20 ғасырдың ұлы ақыны Павел Васильевтің шығармашылығы мен өміріне арналған «Бізге өмір берген мұз жолдары» атты фотоқұжаттар көрмесінің тұсаукесері өткізілді. Экспозицияға Павел Васильевтің музей үйі қорынан алынған материалдар мен құжаттар, ақынның замандастары мен туыстарымен бірге түскен суреттері, көзі тірі кезінде шыққан басылымдар , шығармаларына қолтаңбалары, АЛЖИР-де «халық жауының әйелі» ретінде жаза мерзімін өтеген Е. Вялова мен П. Васильевтің тергеу құжаттары қойылған. Көрмені павлодарлық суретші Виктор Поликарповтың П.Васильевтің туындысы негізінде әзірленген шығармалары толықтырды. Ұсынылған материалдар ақынның өмірінің соңына дейін жалғасқан мұзды жолдары образын түсініп және ашуға көмектесті.