Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған шағын көрме

Қошке Кемеңгеров
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған шағын көрме

Қошке Кемеңгеров (1896-1937) – “Алаш” ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткері, ағартушы, дәрігер, талантты жазушы-драматург, журналист, қоғам қайраткері. Саяси қуғын – сүргін құрбаны.
Қазіргі уақытта орта мектепке, көшелер мен даңғылдарға Қ.Кемеңгеровтің есімі берілді. Оның есімі мен еңбектері энциклопедиялар мен анықтамалықтарға енгізілген. Қ. Кеменгеров туралы Е.Е. Тілешов пен Д. Қамзабекұлының “Алаш қозғалысы: Энциклопедиялық анықтамалығында» және Д. Қамзабекұлының “Алаш арқауы” зерттеу мақалалар жинағында жазылған.
Шағын көрме Қ. Кемеңгеровтің немересі К. С. Рахимбекованың көмегімен дайындалды.

Видеоға ссылка