Тәуелсіздік мерекесін атап өтті
2019 жылдың 13 желтоқсан күніТұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының шаңырағында Тәуелсіздік –ел тілегі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған шараның тәрбиелік мәні зор болды. Басты мақсаты–өскелең ұрпағымызды тәуелсіздігімізді бағалап ,қастерлеуге насихаттау, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Илияс Жансүгіров секілді қазақ әдебиетінің үш бәйтерегінің өмірі мен шығармашылығы арқылы өз Отанының патриоттарын тәрбиелеу болып табылды.
Шара барысында Тәуелсіздігіміздің жетістіктері туралы әңгімеленіп, қазақтың үш бәйтерегінің өмірі жайлы қысқа метражды фильм көрсетілді. Ғабиден Мұстафин атындағы 5 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж. Сагиева « Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек» деген тақырыпта баяндама жасады. Осы мектептің оқушылары Бағдат Балауса І.Жансүгіровтің «Ағынды менің Ақсуым» өлеңінен ,Серикжан Ақмарал С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасынан, Хапурақызы Ақбота Б. Малиннің «Қазаққа» деген өлеңдерінен үзінді оқып, жиналғандарды тәнті етті.
Сондай –ақ мерекелік шара барысында Орталықтың ғылыми қызметкері
Қ. Мамбетов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың« Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа окулық» жобасы бойынша шығарылған кітаптардың таныстырылымын әзірледі.Бұл тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміздің бірі саналады.
Соңында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының басшысы Саида Жамантайқызы Саргизова жиналғандарды ұлттық мерекемен құттықтап, белсенді қатысушыларға Алғыс хаттарын табыс етті.Осылайша «Тәуелсіздік –ел тілегі» шарасының шымылдығы қала мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары , 5516 әскери бөлімінің сарбаздарының«Атамекен» әнін бірге шырқауымен жабылды.