КМҚК қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының психологиялық себептері туралы тренинг форматында әңгімелесу өтті.

2024 жылғы 17 мамырда «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы» КМҚК қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының психологиялық себептері туралы тренинг форматында әңгімелесу өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет бойынша жауапты Ахметова Динара Жұмағазықызы тыңдаушыларды сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тетіктерін зерделеуге, бейім адамдардың психологиялық және әлеуметтік жақтарын анықтауға бағытталған, сыбайлас жемқорлық психологиясының заманауи зерттеулерімен таныстырды.
Тренинг барысында сыбайлас жемқорлық психологиясын анықтау бойынша ойын позициялары қолданылды. Қызметкерлер курсты қызыға тыңдап, тренингтің ойын қойылымдарына қатысты. Толығырақ