«Конфессияаралық бірлік-рухани келісімнің негізі» атты дөңгелек үстел өтті.
12.10.2021ж Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында 18-қазан «Рухани келісім» күніне орай «Теміртау қаласының конфессияаралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және сараптау орталығының» ұйымдастыруымен «Конфессияаралық бірлік-рухани келісімнің негізі» атты қаламыздағы халықаралық діни бірлестіктер мен этно-мәдени бірлестіктердің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасының діни істер мен ақпарат және қоғамдық қатынастарды дамыту министірлігінен Стефогло-Ким Людмила Васильевна және Қарағанды облыстық діни істері басқармасының басшысы Халел Дулат қатысып отырды.
![](https://temcenter.kz/wp-content/uploads/2021/10/DSC_0008-scaled.jpg)