Квест ойын

13 қаңтар күні Орталықта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған «Жастар тәуелсіздігі» атты танымдық квест-ойыны өтті. Іс-шараға Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжінің студенттері қатысты. Квест ойыны кезінде студенттер стандарттан тыс оқыту әдістерін қолдана отырып, ел, қала тарихы туралы мол ақпарат алды. Тарихи тұлғалардың өмірбаяндары туралы мағұлматтарға қанық болды.