Музей сабағы


2019 жылдың 10 сәуірі күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында ғарышкерлер және авиация күніне арналған музей сабағы өтті. Музей сабағынаТеміртау қаласының №6 ЖББОМ оқушылары қатысты.
Сабақ екі бөлімнен тұрды: теориялық және практикалық. Оқушылар сабақтың теориялық бөлімінде қазақстандық космонавтиканың дамуы туралы мәліметтермен танысты, оларға қазақстандық үш ғарышкердің өмірбаяны ұсынылды, бірнеше қысқа метражды бейнефильмдер көрсетілді. Сонымен қатар, оқушыларға қазақстандық ғарыш бағдарламасы, Ғарышкерлерді дайындау ерекшеліктері және олардың борттағы өзара іс-қимылы, сондай-ақ олардың салт-дәстүрлері туралы түсінік берілді.
Сабақтың практикалық бөлімінде оқушылар музей экспонаттарымен танысты, оның ішінде ғарышкер Тоқтар Әбубәкіровтың жеке заттары, заманауи ғарыштық зерттеулер туралы ЭКСПО – 2017 көрмесінің полиграфиялық өнімдері бар. Мұнан әрі сабаққа қатысушылар космонавтика және авиация күніне арналған «Галактика балалары» атты көркемсурет көрмесін тамашалады.