Облыстық көрме ашылды

Қаланың кіші сәндік пішіні мен сәулеттік-кеңістік ортасы
Қаланың сәндік және сәулет өнері – ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешендерінің пішінін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай әдемілік пен көркемдік сипат бере отырып, сәулеттік-кеңістік өнерінің ұлттық нақыштағы саласын дамыта түсу екендігіне аса мән-мағына беру болып табылады. Құрылысты жобалау, салу, тұрғызыу және оған көркемдік бейне беру өнері, сәулет өнері деп аталады. Сәулет өнері туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастыратын өнер.
Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның әдемілік талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер мен нысандар. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері десек қателеспейміз.
Материалдық игілікті жасаудың басты саласы ретінде сәулет өнері қоғамның өндірістік-экономиканың дамуына, ғылым мен техника жетістіктерімен жарақтануына, оны жасаушылардың көркемдік – дүниетанымдығына талғамына қарай тығыз байланысты жағдайда өркендейді.
Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі, сәулетші мүсінші сияқты кең тыныспен, қиялға еркін беріліп жұмыс жасайды. Еуропа елдерінде 17-19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Шығыс сәулет өнерінің тарихы біздің заманымыздың бұрынғы мыңыншы жылдарынан басталады. Бұл бағыт, ежелгі дәуір сәулеті мен ренессанстық сәулетінің композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған туындылар болып табылады. Әлемнің жеті кереметі туралы бәріміздің естуіміз бар, тек кейбіреулеріміз ғана олардың барлығын атап айта аламыз. Жеті санына ертеден символдық мән берілген, бірақ неліктен көп кереметтердің ішінен жеті керемет қана таңдалып алынған? Әлемнің жеті кереметі негізінен өнер, мәдениет, сәулет өнері мен инженерлік шеберліктерді дүниеге әкелген сол қоғамның жетістіктері, бірақ ерте кезде салынған ескерткіштер тек олар ғана емес. Көптеген жер шарының басқа бөліктерінде орналасқан көптеген құрылыстар, мысалы, Ұлы Қытай қорғаны ертедегі тарихшыларға белгілі болмағандықтан тізімге енгізілмей қалған. Бұлар туралы алғаш рет біздің эрамыздың 5- ғасырында грек тарихшысы Геродот еске алып, Хеопс пирамидасы мен Семирамиданың аспалы бақтары енгізілген керемет ғимараттардың тізімін жасаған. Одан кейінгі тізімді б.э.д.225 жылы математик Филон Византийский жасаған және бір тізімді грек жазушысы Антипатер Сидонский б.э.д. 130 жылы жасаған. Бұл тізімге кейіннен жасалынған Александрия маягының орнына Вавилон қамалы енген. Әлемнің барлық жеті кереметтерінің ішінен бүгінгі күнге жеткені Хеопс пирамидасы ғана. Басқалары қирап, тек орындары мен оларды көзімен көрген адамдардың естеліктері ғана қалған. Адамзат өнертапқыштығы ерте замандағы құрылыс бастамаларын дамытып, өркендетіп, толықтырып отыр. Біздің қазіргі заманымызда бұрынғы әлемнің жеті кереметін ойлап тапқан шеберлердің қиялдай да алмаған жаңа материалдарын, жаңа технологияларды пайдаланып, тамаша құрылыстар салуда. Соның бірі-1997 жылы көркем сурет галереясы болып ашылған Бильбаодағы (Испанияда) Гугенхайм музейі. ХХІ – ғасырда көптеген әдемі де тамаша ғимараттар тұрғызылып, кереметтер тізімінен өз орнын таба береді. Адамзат барда «кереметтердің шегі болмақ емес».