Ғажайып дәрігерді еске алу

17 сәуір күні медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санаттағы травматолог-ортопед Роза Сейтқалиқызы Әлімханова кенеттен қаза болды.

2018 жылы Роза Сейтқалиқызы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы ретінде біздің Орталықтың қонағы болған. Сол кезде ол өзінің қимыл-тірек бұзылулары бар балаларды емдегені туралы сезіммен әңгімелеп бергенімен есте қалған еді.
Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының әкімшілігі мен қызметкерлері Роза Сейлханқызы Әлімханованың туғандары мен жақындарына ауыр қазаға байланысты өзінің қайғы-қасіретке ортақтастығын білдіреді. Біздің жадымызда Роза Сейтқалиқызы мейірімді, бастамашыл, көптеген қазақстандық балаларды аяғына тұрғызған жан ретінде мәңгі қалады.