Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
Рухани келісім күні | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

Рухани келісім күні


Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты семинар өткізілді. Ұлтаралық татулық пен рухани келісім біздің басты темірқазығымыз саналады. Семинар барысында этносаралық және дінаралық келісім Қазақстан атты киелі шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барша ұлт пен ұлыстың басты байлығы екені әңгіме арқауына айналды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарды дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясатты ұстана білуге үйретуге, қоғамда тұрақтылықты сақтауға тәрбиелеу болып табылды. Еліміздегі бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы түсініктер беру. Семинар жұмысына Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастардың проблемасын зертеу мен талдау орталғының бөлім басшысы Дәурен Канаев, Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Елдос Жұмаділда қатысып, өзекті мәселелер жайлы ой қозғап, қатысушылардың көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ шараға Теміртау қаласының этно-мәдени орталықтарының өкілдері мен Теміртау қаласының колледж студенттері қатысты. Семинар соңында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының басшысының орынбасары Гүлжан Кударинова белсенді қатысушыларға Алғыс хаттарын табыс етті.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308