Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
«Теміртау Киндердорф – 15 жыл» көрмесі | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

«Теміртау Киндердорф – 15 жыл» көрмесі


Маусымның 8 бастап, Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Теміртау SOS балалар ауылының құрылғанына 15 жыл толуына арналған көрме өтуде. Көрмеде Теміртау балалар ауылы тәрбиеленушілерінің фотосуреттері мен балалар шығармашылығының заттары кескіндеме – қойылым натюрморттары, портреттер мен жанрлық көріністер қойылған.
SOS қозғалысы біздің елімізге Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасы бойынша 1993 жылы келді. Сол кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен “SOS KINDERDORF INTERNATIONAL” Халықаралық Қоры арасында шарт жасалды.
ҚР Президенті 2004 жылғы 3 желтоқсанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуде тығыз ынтымақтастыққа бағытталған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен “SOS Kinderdorf-International” халықаралық қоры арасындағы шартты ратификациялау туралы Заңға қол қойды. Балалар ауылының негізгі мақсаты қоғамның толыққанды мүшесі болуға қабілетті дербес адамды тәрбиелеу болып табылады.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308