ТЖМ қызметкерлері Орталықта болды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің. Төтенше жағдайлар комитетінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемелері басшыларының орынбасарлары мен кадрлар жұмысы басшыларымен өткен Республикалық оқу-әдістемелік жиынның қатысушылары Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында болды. Онда олар Елбасымыздың өнегелі өмір жолына қатысты қойылған құнды жәдігерлермен танысты.