«Уақыт сабақтастығы» шағын-көрмесі


Маусымның 28 күні Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесі- ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні. Әуелде тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы күні 10 мамырда атап өтіліп келді. Себебі, 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым – «Түркістан уәлаяты газетінің» алғашқы саны жарық көрді. Журналистердің кәсіби мерекесі БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан күн кейін 28 маусымға белгіленді. «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚазКСР Заңы қабылданып, «Баспасөз,телевидение және радио күні» деп аталды. Дейін маусымның соңғы жексенбісінде аталып келді.
2011 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелер тізімінің жаңа редакциясын мақұлдады. Оған сәйкес, 28 маусым Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілді.Бұл атауы заманауи қоғам өміріндегі мерекенің мағынасын анағұрлым дәл бейнелейді.Қазіргі таңда қазақстандық БАҚ мемлекетті дамыту,қоғамдағы тұрақтылықты күшейту ,еліміздің халықаралық беделін көтеру бағдарламасын табысты жүзеге асыруға зор үлестерін қосып келеді. «Уақыт сабақтастығы» шағын көрмесі Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналды.