Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
Жаңа еңбектің тұсауы кесілді | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

Жаңа еңбектің тұсауы кесілді


Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы 1992 жылы 29 қыркүйекте Алматы қаласында Елбасының бастамасымен тұңғыш рет өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында құрылған болатын.
Қауымдастық қызметінің негізгі мақсаты республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу болып есептеледі. Сондай-ақ тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді.
Бүгін ДҚҚ-ның Қарағанды облыстық филиалының төрайымы Меруеш Башайқызының ұсынысымен Орталықта жазушы, ардагер, қоғам қайраткері, «Тарихи Атажұрт» ҚБ-нің директоры Үзбен Құрманбайұлының «Ақиқат» атты еңбегінің тұсауы кесілді.
Іс-шараға ДҚҚ-ның мүшелері, тарихшы ғалымдар, мұғалімдер, Теміртаулық аға буын өкілдері және студенттер қатысты.
Халқымыздың тағдырына қатысты маңызды мәселелерді көтеріп жүрген ДҚҚ-ның өңірімізде өткізіп жатқан іс-шараларын, жұмыстарын одан әрі насихаттап, ұлт ісі үшін өз үлесін қосуды көздеген Теміртау қаласының тұрғындары өз еріктерімен қауымдастықтың құрамына мүшелікке өтті. Олардың қатарында Орталықтың ғылыми жұмыстар және экспозициямен жабдықтау бөлімінің басшысы Кетебаев Дәуірбек Бердашұлы да бар.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қарағанды облыстық филиалының төрайымы Меруеш Башайқызы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени Орталығына аталмыш еңбектің бір данасын сыйға тартты.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308